Бөлімде мамандықтар бойынша дайындық сабақтары өтуде
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1655136306_1.jpg)
Дәрістердің жоғары дәрежеде өтуі үшін оқу орындары қажетті оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілді. Әскери бөлімде оқу топтары құрылып, тәжірибесі жоғары аға-нұсқаушылар жұмылдырылды. Аталған дайындық сабақтары ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін жалғасады.
Дайындық сабақтарының басты мақсаты – әскери қызметшілердің өз мамандықтары бойынша білім деңгейлерін, функционалдық міндеттерін арттыру және штаттық қару-жарақпен атуға, штаттық байланыс құралдарымен сапалы жұмыс істеуге машықтандыру.
- Әскери бөлімде тәжірибелі, өз жұмысын толық білетін әскери мамандарымыз жетерлік. Мамандық бойынша сабақтар жоспарға сай әрі сапалы өткізілуде. Әскери қызметшілерге қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін жоғары дәрежеде игеру, жаттығулар кезінде оларды шеберлікпен пайдалану басты назарда екендігі теория сабақтары кезінде түсіндірілуде, - дейді әскери бөлімнің жауынгерлік және арнайы дайындық жөніндегі аға офицері майор Біржан Омаров.
Атап айтсақ, дайындық кезінде оқу-жаттығу алаңдарында өткізілетін тәжірибелік сабақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Дайындық сабақтарының соңғы бөлігінде мамандық бойынша алған білімдерін анықтау мақсатында жеке құраммен оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары мен сынақтар өткізілетін болады.
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1655136281_2.jpg)
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1655136374_3.jpg)
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
лейтенант Мұхит Қонаров