Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылады

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылады

WhatsApp мессенджерінде қолданушылар көптен күткен функция іске қосылады. Енді чат мұрағатын Android-тен iPhone-ға көшіру мүмкін болмақ. Бұл туралы Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, чат мұрағатын көшіруді қолданушылар бұрыннан сұрап жүрген.

"Біз WhatsApp-қа телефондар арасында қауіпсіз көшіру мен чат, фото, видео, аудио хабарламаларды Android пен iPhone арасында өткізу функциясын қосып жатырмыз. Бұл ең сұранысқа ие функция. Былтыр біз iPhone-нан Android-ке ауысу функциясын іске қостық, енді Android-тан iPhone-ға ауысуды қосып жатырмыз", - деді Цукерберг.
15 маусым 2022 ж. 379 0