Аптап ыстыққа байланысты пойыздар уақытынан кешігеді

Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында ауа температурасы +40°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс аймақтарында +45° С-қа дейн көтерілді. мұндай жағдайда рельстер + 58°С, + 62°С-қа дейін ысиды.
"Қазақстан темір жолы" АҚ қауіпсіз тасымалды ұйымдастыру үшін пойыз қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізді. Осы себепті пойыздар межелі жерге кешігіп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды", - деп атап өтті тасымалдаушы компания.
Қолайсыз күн райы машинистің жұмысын ауырлататыны атап өтілді.
Локомотив бригадаларына ыстық кезде пойызды басқару туралы нұсқаулық берілді.
stan.kz