Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жол қызметінің тарифі төмендетілді

Қызылордада жол қызметінің тарифі төмендетілді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің 2021 жылға бекітілген тарифтік сметалардың орындалуына талдау жүргізуде.
Талдау барысында «Жолдыкулов» ЖК кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша тарифтік сметада көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды.
Осыған байланысты, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылданды. Атап айтқанда, «Жолдыкулов Б.» ЖК-дың тұтынушылары үшін кірме жолдар қызметі бойынша тамыз айынан енгізе отырып 1 жыл мерзімге тарифті 523,92 теңгеден 518,52 теңгеге дейін немесе 1 %-ға уақытша төмендету арқылы 38077 теңге негізсіз кіріс сомасы қайтарылады.

kyzylorda-news.kz
01 шілде 2022 ж. 378 0