Өткен тәулікте 158 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 35, Алматы қаласында - 88, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 330 жетті.
Сондай-ақ 73 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
baq.kz