Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүрінуден қорықпа: Әжесінің немересіне айтқан өмірлік кеңесі

Сүрінуден қорықпа: Әжесінің немересіне айтқан өмірлік кеңесі

«Қымбаттым, осы секілді хатты сенің анаңа да жазуыма болар еді. Бірақ ол кезде мен 25 жаста ғана болдым. 25 жастағы қыз өмір туралы не біледі дейсің?! Ол кездегі бар ойым «кешкі асқа не істеймін?», «қызымды өсіруім керек» деген сұрақтармен шырмалды. Ал қазір жасым 50-де, тәжірибе де жинадым. Соларды саған айтқым келеді. Өмір туралы барлық нәрсені білемін демеймін, десе де әжеңмін ғой, сенің бақытты болғаныңды қалаймын. Айтқан кеңестерім өміріңе кедергі келтірмейді деп сенемін!
Сүрінуден қорықпа. Велосипед теп, әткеншекке отыр, коньки немесе роликпен серуенде. Ешқашан құлап қаламын деп қорықпа. Әрине, бастапқыда құлайсың, ауырады, қиналасың. Алайда соның арқасында болашақта сәтсіздікке тап болсаң, оған берілмеуді үйренесің.
Жеке ойыңды айтуға қысылма. Бірдеңемен келіспейтін болсаң немесе бір нәрсе ұнамайтын болса, ол туралы ойыңды өзіңде сақтама. Достық немесе махаббат үшін өзіңді шектеудің қажеті жоқ. Сенің үніңе құлақ түрмейтін қарым-қатынастың саған керегі не?!
Кешірім сұрағаннан кішірейіп қалмайсың. Ақылды қыздар ғана қателіктерін түсініп, басқадан кешірім сұрай алады. Мен сенің сондай қыз болғаныңды қалаймын. «Кешір менікі дұрыс болмады. Бұл ситуацияны қалай өзгерте аламын?» деп айту оңай емес. Алайда кешірім сұрауды үйренуің керек. Сонда сені ешкім жеңе алмайды.
Төмен баға алудан қорықпа. Сабақтан 2 деген баға алу – сен ойлағандай жаман нәрсе емес. Қайта кем тұстарыңды анықтайсың, алдағы уақытта қандай бағытта көбірек жұмыс істеуің керек екенін білесің. Төмен баға сенің ақымақ екеніңді білдірмейді. Бұл – жай ғана әрекет етуге деген мотивация.
Атақты болмай қаламын деп уайымдама. Атақты адамдар отырыс аралап, әлеуметтік желіге фото жүктеп, уақыттарын босқа өткізіп жүргенде, сен атқа мінуді, мылтық атуды, ән салуды үйрене аласың. Тіпті, әлемді аралайтындай шамаң болады.
Біртүрлі болудан қорықпа. Сенің әжең де қорықпайды ғой. Басқаларға ұқсамаудың – ерекшелік екенін біл. Ал әлемдегі әрбір адам өзінше ерекше, өзінше біртүрлі.
Біреуді жақсы көріп қаламын деп қорықпа. Бір күні болмаса әйтеуір бір күні біреуге деген махаббатың ашылады. Керісінше мұндай кезде есейгенің үшін қуануың керек.
Тұрмысқа шығудан немесе шықпай қалудан қорықпа. Сен үлкейгеннен кейін басқалар сенің қолыңдағы неке сақинасына қарап жатпайды да. Алайда тұрмысқа шығып, ана болуды қаласаң, өз адамыңды табуға тырыс. Сонда бәрі жақсы болады. Тіпті, ол кезде жерде жатқан кір шұлықтардың өзі саған кері әсер етпейді.
Жалғыздықтан қорықпа. Кейде жалғыз қалу – адамға пайдалы. Тіпті, жалғыздықта рахаттанып, демалуға да болады. Сонымен қатар жалғыз қалу адамның ішіне үңілуіне, өзімен сырласуына мүмкіндік береді.
Жаңа іспен айналысуды әдетіңе айналдыр. Жасың туралы, басқалардың сөзі туралы ойлама. Бұл – сенің өмірің. Өмірге келген соң, оның жақсы жақтарының бәрін көріп қалуға тырыс».

kyzylorda-news.kz
07 шілде 2022 ж. 347 0