Қызылорда облысында экспорт әлеуеті артуда

Барлық экспортталған өнімнің 91,9 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Облыс әкімдігінің хабарламасына сәйкес есепті кезеңге 27,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 94,7 пайызды құраған.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Литва, Германия, Чехия және Австрия мемлекеттеріне 1060,4 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 1 155,3 тонна қамыс және Ресейге мен Өзбекстанға 155,0 тонна бидай қалдығы жөнелтілді.