Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорданың ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

Қызылорданың ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

Жыл басынан бері облыстан 22,5 млн. долларды құрайтын 66,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) өзге елдерге экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 97,8% өңделген өнімдерді шетке саудаланған. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жеткізілуде.
Барлық экспортталған өнімнің 91,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталған.
Есепті кезеңге 60,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 132,0 пайызға артып отыр.
Биылғы жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 421,5 тонна қамыс және Өзбекстанға 136 тонна бидай ұны жөнелтілді.
Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна мақсары майы, Ресей мемлекетіне 1270 тонна қарбыз, 137 тонна қауын экспортталды.
09 қараша 2020 ж. 674 0