Қызылорда облысында балық аулау көлемі 21 пайызға өсті

Облыста жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды. 4 зауытта Еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еврокод» сертификаты бар.
Биыл 6 ай көлемінде 2 930 тонна балық ауланса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға өсіп отыр.
Есепті кезеңде, 2 682 тонна балық өнімдері 7 шет мемлекетке экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Аралдың балық өнімдері Ресей, Қытай, Германия, Польша, Нидерланды, Грузия, Литва елдеріне нарыққа шығарылуда.