Қызылорда облысында 19 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 820 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті.
«Соңғы тәулікте ауырғандардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 180, Алматы қаласында - 280, Шымкент қаласында – 87, Ақмола облысында – 8, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында - 67, Атырау облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 7, Қарағанды облысында - 56, Қостанай облысында - 9, Қызылорда облысында - 19, Маңғыстау облысында - 10, Павлодар облысында - 8, Солтүстік Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында 13 адам анықталды», деп жазды комиссия.
Ал қауіпті індеттен бүгін 343 адам жазылып, қатарға қосылды. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 74, Алматы қаласында - 236, Шымкент қаласында - 0, Атырау облысында - 2, Жамбыл облысында – 9, Қарағанды облысында - 16, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында 2 адам тұрады.
Елімізде барлығы 1 293 899 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.