Қазақстанда аптап ыстық болады

Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпалында болады.
"20 шілдеден бастап солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронталь бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус аптап күтіледі.