Қызылорда облысында марихуана плантациясы анықталды

37 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан оңтүстік батысқа қарай 45 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсірген. Арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 60-70 сантиметрге жеткен.
Осы аумаққа келген көліктердің дөңгелектерін тесу мақсатында қаскүнем ауыл маңындағы жолдарға қолдан жасалған металл шыбықтарды тастаған.