Жаңақорғанда есірткі еккен күдікті су генераторын жердің астына жасырған
«Қарасора – 2022» жедел – профилактикалық іс-шарасы кезінде қызылордалық полицейлер 90 түп сора өсімдігін еккен тұрғынды қолға түсірді.
51 жастағы жұмыссыз аудан тұрғыны Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында «Сырдария» өзенің жағалауында сора өсімдігін өсірген. Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы екі метрге жеткен.
Полицейлер оқиға орнынан азық – түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: генератор, су айдайтын мотор, күрек, балта тәркіледі. Айғақ заттардың барлығы тәркіленді.
Қаскүнем жерді терең қазып, онда су генераторын жасырып қойған. Күдікті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 – бабының 2 – бөлігімен (Ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
kyzylorda-news.kz