Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол көлік оқиғасының алдын алу қажет

Жол көлік оқиғасының алдын алу қажет

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен актив отырысында жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері талқыланды.
Аталған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Шүкіров Қуанышбек хабарлама жасады.

Баяндама барысында 2022 жылдың 6 ай қорытындысымен аудан көлемінде орын алған жол-көлік оқиғаларының күрт өсім алып, аяғы адам шығынына ұласып өзекті мәселе туындатып отырғанын атап өтті. Жыл басынан бері 20 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 31 адам әр түрлі дене жарақатын алса, 14 адам қайтыс болған. Баяндамашы өз сөзінде жол көлік оқиларынынң орын алу себептеріне тоқталды. Оқиғалардың көпшілігі көліктердің карсы бағытқа шығып кету, жылдамдықты шамадан тыс асыру салдарынан орын алған.

Осыған сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев аталған жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық полиция бөлімі мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жандандырып, бақылау шараларын күшейтуді тапсырды.

Сонымен бірге, жол бойындағы елді мекендерде төрт түлік малды толық бақылауға алу жөнінде тұрғындарға түсіндерме жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Қазіргі таңда жол көлік оқиғаларының жиілеуі қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда. Сондықтан да, барлық автокөлік жүргізушілерді жолда мұқият болып, жылдамдықты асырмай, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
"Толқын" ақпарат

22 шілде 2022 ж. 917 0