Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жол қауіпсіздік ережелерін сақтйық

Жол қауіпсіздік ережелерін сақтйық

Қазіргі таңда аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау аса маңызды.
Осыған орай, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Көп жағдайда спирттік өнім тұтынып көлік тізгініне отыру, ашу үстінде жолға шығу, межелі жерге уақытынан кеш шығу немесе жылдамдықты шамадан тыс асыру сынды жағдайлар көбіне жол-көлік оқиғаларына алып келіп жатады.
Мәселен жыл басынан бері аудан көлемінде 6 жол көлік оқиғасы орын алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда саны 2-ден 6-ға, яғни 3 есеге артқан. Орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан 11 адам дене жарақатын алып, 10 адам қаза тапқан.
Адам өміріне қауіп төндіретін оқиғаларға жолдағы немқұрайлылық пен салғырттық себеп болуда.
Барлық көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырамыз.

Арал аудандық прокуратурасы

22 ақпан 2022 ж. 3 433 0