Қазақстанда қандай жағдайда Ashyq қайтарылуы мүмкін?

«Қатаң карантин енгізу мәселесі қандай да бір өзгеріс жағдайында қаралады. Бірақ бүгінде Нұр-Сұлтан ғана «сары» аймақта орналасқан. Өңір «сары» аймақта тұрған кезде бизнеске жүктемесі бар қандай да бір қатаң шектеу іс-шараларын енгізу көзделмеген. Бірақ «қызыл» аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі енгізілуі мүмкін», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.
Оның айтуынша, шектеу іс-шараларын екі кезеңде енгізу көзделіп отыр.
«Бірақ бұл іс-шаралар ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланып жатыр. Шешім ВАК-та қаралу нәтижесі бойынша қабылданады», – деп түйіндеді ол.
kyzylorda-news.kz