Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмірімізді сақтау өз қолымызда

Өмірімізді сақтау өз қолымызда

Әлемді алаңдатқан коронавирустың екпіні  бәсеңдеп, халықтың көңілі жайланғандай болған еді. Бүгінде ел-жұрт қауіпті дертке қарсы екпе қабылдап, науқастар құлан-таза айыққанымен, жайбарақаттыққа салынуға болмайтын тәрізді.
24 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2054 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 331493-ке жетті. Елордада «Омикрон» және «Стелс-Омикрон» коронавирус штамдарына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Нұр-Сұлтан қаласы осыған байланысты «сары» аймаққа өтті. Қалған облыстар "жасыл аймақта.  Ал біршама уақыт бойы коронавирус тіркелмей келген Қызылорда облысында да жағдай қуантарлық емес. 24 шілдеде өңірде 36 адам коронавирус індетін жұқтырыпты.
Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың айтуынша, Қазақстанда коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңа әдіспен жасалуда. Енді эпидахуал өңірлердегі ауруханалардың бос орнымен есептеледі. Мәселен, өңірлердегі стационарға жүгінгендердің саны 2500 бен 5000-ның аралығында болса "жасыл аймаққа", 5000 мың мен 10 мыңның аралығында болса "сары аймаққа" кіреді. Ал бұл көрсеткіш 10 мыңның үстіне шықса, матрицаны бағалау түсі "қызылды" көрсетеді.
Осы себепті Министр «індет өршіп кеткен жағдайда қандай шектеулер болуы мүмкін?» деген сауалға жауап берді. Әзірленген шектеулерде – байланыста болған адамдар, жұмыс пен шектеулер, иммунитеті жоқ науқас қызметкерлерді қашықтан жұмысқа ауыстыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағуды міндеттеу шаралары қарастырылуда. Ал биыл коронавируспен күресуге бюджеттен 100 миллард теңге қаралған. Бұл қаражаттар вакцина сатып алуға, науқастарды емдеуге, аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері алатын жәрдемақыға кетеді. Айта кетерлігі, елімізде 2020 жылы COVID-19- бен күресуге бюджеттен 252 миллиард, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 556 миллиард теңге жұмсалған болатын.
Бүгінде еліміздің Нұр-Сұлтан қаласынан басқа өңірлер «жасыл» аймақта. Десек те халықтың тазалыққа айрықша мән беріп, сақтық шараларын қатаң сақтауы керектігін айта кеткіміз келеді. Жағдай тұрақталса да «емнің – екпеде», «саулықтың – сақтықта» екенін естен шығармағанымыз абзал.
К. Махсұт
26 шілде 2022 ж. 443 0