Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 27-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 27-шілде күні еліміздің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік жартысында оңтүстік циклонның ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ бұршақ жауып, солтүстік-батыста дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Республика бойынша жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды алқапта күн жауын-шашынсыз болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстік пен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.