28 шілде – Бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.
Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?
Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді
БМСК дәрігерінің қарауы - 6 айда 1 рет болады
Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?
тромбоциттермен қанның жалпы талдауы - 6 айда 1 рет
қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза(АЛТ), аспартатаминотрансфераза(АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) - 6 айда 1 рет
коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) - 6 айда 1 рет
"В" вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде "В" вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық - 6 айда 1 рет
бауыр УДЗ - жылына 1 рет
бауырдың жанама импульсті эластометриясы (Фиброскан) - 2 жылда 1 рет
"B", "С" (F2 фиброз сатысында) және "D" созылмалы вирустық гепатиті кезінде пациенттер өмір бойы диспансерлік есепте тұрады.
Созылмалы "С" вирустық гепатитінде (фиброз сатысында F1-ден кем) пациенттер элиминация, яғни ауру толық жойылған жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін.


Айгүл Аханова,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы