Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз – берекелі ай

Тамыз – берекелі ай

Тамыз – қазақ күнтізбесі бойынша он екі айдың алтыншы айы, қазіргі Григориан күнтізбесінің сегізінші айы. Тамыз айы ­жаз­дың тамылжыған бір кезі. Бұл айда шіліңгір ыстықтың беті ­қай­тып, айналадағы жеміс-жидек, көкөніс атаулының бәрі пісіп, жеті­­леді. Айдың ортасында ауа райы салқын тартып, күздің ­нышаны біліне бастайды. Бұл берекелі айда жиын-терін кезеңі бас­талады.
Бұл айдың аты ежелгі еврейдің «туммуз» деген сөзінен шыққан», - дейді, этнографтар. Ал бұл сөз қазақ тілінде «сары» деген мағынаға ие. Осыған орай қазақтардың бұл айға қойған тағы бір атауы – «сарша тамыз».
Тамыз – жаздың үшінші айы. Тәржімалағанда "күйдіру" деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған. Тамыз айында аптап ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Қатты ыстықтан кейінгі саршада үркер туады. Мал- жанға жайлы жаңбыр жауады. Бұл – үркердің толғағы деп аталады. Сары сарша – сарғаю, жердің құрғап, өсімдіктердің сарғаятын кезі. Тамызда егін піседі. Таразының тууы – бұл айдың ортасында ауа райы салқын тартатын, күз нышаны білінетін мезгіл.
Тамыз айының соңынан бастап ауа райы салқын тарта бастайды. Халық аузында осыған байланысты «Сүмбіле туса, су суыр» деген сөз қалған. Тамыз айының соңы, қыркүйектің басында Сүмбіленің жаңбыры жауады. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен. Сол себептен халық жайылым жерді «Сүмбіленің суы жүріп пе екен?» деп сұрасып отырған. Үркер шоқжұлдызы күздің басында, яғни тамыз айында түн ортасына жетер шақта төбеден көрінеді. Есекқырған жұлды­зы­ның түсі – сары. Осы ерекшелігіне қарап халық оны кейде Сарыжұлдыз деп те атай береді. Түнде сарғыштанып, ерекше жарқырап тұрғанына орай кейде оны "Жарықжұлдыз" деп атайды. Есекқырғанды тамыз айында аспанның оңтүстігінен көруге болады. Босаға көтеріліп қалды деген тіркесті қазақ тамыз айы басталғаннан бастап айтады.
Ал тамыз айында туған адамдар әсершіл, бірбеткей, қуатты болады. Еңбегі жемісті, бірақ кейде аңғалдығы да бар. Әйелдер өзіне-өзі сенімді, қайратты, бірақ уайымшыл, кек сақтамайды. Үй шаруасына пысық. Бұл айда өмірге келген еркектер өте сезімтал. Айналасындағылардан мақтау күтетіндіктен, өзін сынағанды жек көреді. Өздері онша тұрақты болмаса да, әйелдерін қатты қызғанады екен.
Сонымен тамыз айын жылдың ең бе­ре­келi, мерекелi мезгiлi дейміз. Шындығында, Құдайдың әр күнi құтты, әр айы мерекелi, берекелi емес пе?  «Айдан аман, жылдан есен» дейді екен бұрынғылар, өткен ай өкінішсіз, келер ай керемет болғай деп тілейік.
К. МАХСҰТ 
28 шілде 2022 ж. 1 494 0