Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде вакцина салдырғандардың саны артып келеді

Елімізде вакцина салдырғандардың саны артып келеді

Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 1,2 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 550 417 адам, екінші компонентін 9 330 780 адам салдырды.

Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Pfizer» вакцинасының алғашқы дозасын 1 233 381 адам, екінші дозасын 1 183 829 адам салдырғанын хабарлады.

Оның ішінде, бірінші компонентімен жасөспірімдердің 871 036-сы, жүкті әйелдер 41 390-ы, бала емізетін аналардың 145 131-і қамтылған.

Екінші компанентті жасөспірімдердің 852 733-і, жүкті әйелдердің 39 106-сы, бала емізетін аналардың 140 807-сі салдырды.
29 шілде 2022 ж. 287 0