Жемқорлықтың және қылмыстың алдын алу жөнінде әскери қызметшілерге арналған шара өтті

Кездесудегі басты мақсат – әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қатаң сақтауды, қызметтік этиканы ұстауды, адамдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау.
Әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары өз кезегімен сөз алып, әскери қызметшілерге адалдық пен парасаттылықты көрсетуді және сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырды.
Сонымен бірге әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов, шараға қатысушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың талдауы мен жол–көлік оқиғасының деректері туралы мәліметтерді жеткізді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант