«Балықшылар слеті» күз мезгіліне жоспарлануда

– Биыл тауарлы балық шаруашылығын дамыту мақсатында 3 тоған шаруашылығын іске қосу жоспарға енгізілді. Аталған жобалар жүзеге асса ішкі нарық толықтай балық өнімдерімен қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ әлеумет арасында жиі қойылатын сауалдардың бірі -«Балықшылар слеті». Алғашында балықшылар слеті шілде айына жоспарланып, нақты ұсыныстар мен дайындық жұмыстары жүргізілген еді. Алайда кейбір мәселелерді ескере отырып слетті аудан орталығына өткізуде жөн көрдік. Яғни, слет күз айында белгіленіп, «Балықшылар» аллеясында өткізу жоспарлануда, – дейді аудан әкімі Серік Сермағанбетов.
syrboyi.kz