Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғары атаққа ие болған педагогтер біржолғы төлемақы алады

Жоғары атаққа ие болған педагогтер біржолғы төлемақы алады

Қазіргі уақытта ауыл мектептеріндегі педагог мамандар 400 мың теңгеге жуық жалақы алып отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі кезде педагогтердің жалақысын көтеру мақсатындағы іс-шаралар 2020 жылдың қаңтар айынан басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар аттестациядан және біліктілікті арттырудан өткен біздің ұстаздар үшін қосымша төлемдер ескерілген. Осы қосымша төлемдер мен үстемеақыны, жалақыны өсіруді ескере отырып, ауыл мектебіндегі педагог орташа есеппен 400 мың теңгеге тарта алып отыр», деді Ғ.Бейсембаев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 2021 жылдан бері 26 педагог алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК (шамамен 3 млн теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады.

«Мұнымен қоса, мемлекет үздік мұғалімдерге қолдау көрсетіп келеді. Үздік мұғалім атағын алған педагогтер 1 мың АЕК мөлшерінде сыйақы алады. Осы орайда мемлекет жасап отырған қолайлы жағдайдың арқасында білімді оқушылар саны артанынына сеніміміз мол», деді вице-министр өз сөзінде.
05 тамыз 2022 ж. 484 0