Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: Қызылордада күн ыстық

Ауа райы: Қызылордада күн ыстық

Синоптиктер 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Еліміздің қалған бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады», делінген хабарламада.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады, Атырау облысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08 тамыз 2022 ж. 312 0