Ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Үш нәрсені біліңіз

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР
Алкоголь, темекі шегу мидың жауы саналады. Мұның бәрі тамырларға, демек, мидың қанмен қамтамасыз етілуіне теріс әсер етеді. Бірақ марихуана нейрондарға бұлардан да күшті соққы береді. Каннабиоидтер миға деструктивті әсер етіп, шизофрения сияқты ауруларға шалдықтырады.
СТРЕСС
Аналар мен әжелер: «Барлық дерт жүйкеден» дейді. Заманауи ғалымдар олардың дұрыстығын растайды: стресс гормоны кортизол мидың көлемін физикалық түрде кішірейтеді және оның қартаюын тездетуге ықпал етеді. Кортизолдың жоғары деңгейі лимбиялық жүйеге, атап айтқанда, ақпаратты есте сақтауға және ұмытуға жауап беретін жадқа нашар әсер етеді. Гиппокамптың зақымдануы мидың кортизол әсеріне төтеп беру қабілетін әлсіретеді және уақыт өте келе мидың басқа бөліктері стресстен зардап шеге бастайды.
ЖАЛҚАУЛЫҚ
Физикалық және интеллектуалдық белсенділіктің болмауы мидың, демек, бүкіл ағзаның қартаю процесін жеделдетеді. Бұған жол бермеу үшін боксқа немесе шет тілі курсына жазылыңыз. Оқу, дәлірек айтсақ, жаңа дағдыларды меңгеру процесі, мидың нейрондық байланыстарын нығайтады және спортпен айналысу оны бекіте түседі.
massaget.kz