QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді
«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін лезде жолдай алады.
QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады және жеке куәлік рәсімдеу кезінде мемлекеттік БАЖ төлемін жасай алады.
«Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызмет алушыларға ыңғайлы етуге жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық халыққа қызмет көрсету орталығында орнатылған.
Азаматтар ХҚО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.
Енді азаматтар қандай бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр бір қызмет алушылар үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.
Еркін АШЫҚБАЕВ,
Арал аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары