Телехабар таратудың жаңа дәуірі

Биылғы 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ішінара жеті облыста: Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында «цифрға» көшуді жүзеге асыру жоспарлануда. Енді сіздерге сүйікті бағдарламаларыңызды жақсартылған сапада көру бұрынғыдан да оңай болады.
Цифрлық эфирлік телевизияны көруге арналған жабдықты қосу көп уақытты қажет етпейді және оған арнаулы дағды мен білім қажет емес. DVB-T2 стандартын қолдайтын жаңа теледидарда ЦЭТВ қабылдау үшін тек ДМВ диапазонды антенна керек. Біздің елде DVB-T2 қосылған теледидарлар 2012 жылдан кейін пайда бола бастады. Сондықтан, егер теледидарыңыз 2012 жылға дейін сатып алынған болса, онда T2-ні қолдауы екіталай, мұндай теледидар үшін антеннадан басқа DVB-T2 жалғама құралы қажет.
Қосылу туралы сұрақтармен Сіз біздің Call сenter-ге мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8-8000-800-193 (ұялы телефоннан); 193 (өңірлік қоңыраулар үшін); 27-45-76 және 55-14-44 (Қызылорда облысының тұрғындары үшін).