Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу шаралары басталды

Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу шаралары басталды

Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді мекендерде кенеге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Осы орайда бүгіннен бастап ауданымызда күзгі эпидмаусымдық дәрілеу-залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін «Дезинфекция и К» ЖТС келіп, Арал қаласы мен ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес кенеге қарсы залалсыздандыру шараларын жүргізуді бастады.
Аталған жұмыстар өз деңгейінде орындалуы үшін аудан көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен мердігер мекеменің арнайы техникалық құралдарына және дәрі-дәрмек қорына қарау жұмыстары жүргізіліп, қала аумағында залалсыздандыру жұмыстары басталып кетті.
Соған сәйкес, бүгін аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтановтың төрағалығымен Конго-Қырым гемморрогиялық қызбасы ауруының алдын алу шаралары туралы мәжіліс өткізілді.
Жиынға облыстық жұмылдыру және шұғыл жұмыстары орталығының басшысы Ерлан Тұтқабайұлы, аталған орталықтың шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақытжан Бейсенұлы, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары және мердігер мекеме өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қайрат Байғабылұлы облыс бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасымен 33 науқас тіркеліп, оның 14-інде диагноз зертханалық түрде расталғаны және нәтижесінде 4 адам қайтыс болғандығын айтып, аталған мәселе бойынша қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне залалсыздандыру жұмыстарына өте мұқият болып, жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.
Мұнымен қоса, мәжілісте облыстық жұмылдыру және шұғыл жұмыстары орталығының басшысы Е. Бейсенбаев пен мердігер мекеменің өкілі Т. Мүбереков және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының А. Сатекеева өз ұсыныстарын жеткізіп, пікірлерін білдірді.
Тұрғындар назарына!
Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмес бұрын әрбір тұрғын мал ұстайтын қораларына көң мен қидан тазарту жұмыстарын жүргізуді ескертеміз.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
24 тамыз 2022 ж. 555 0