Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауды ұжым болып тыңдады

Жолдауды ұжым болып тыңдады

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жеке құраммен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжым болып тыңдау ұйымдастырылды.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжановтың басшылығымен мекеменің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы мәжіліс залына жиналып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, өз қолдауларын білдірді.
Полковник Ғалымжан Тасжанов: «Бес бағдардан тұратын бұл Жолдау қазіргі жағдайда алдымызда тұрған басты міндеттерді шешуде негізгі роль атқарады деп сенемін. Алдағы уақытта, жергілікті әскери басқару органдарында Жолдауды жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс», – деп атап өтті.
Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде тиісті шаралар өткізілетін болады.
Қызылорда гарнизоны баспасөзқызметініңбастығы
лейтенант Мұхит ҚОНАРОВ
01 қыркүйек 2022 ж. 320 0