Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерде төрт пәннің оқу сағаттары ұлғайтылады

Мектептерде төрт пәннің оқу сағаттары ұлғайтылады

ҚР үкіметінің 3 қыркүйек күні өткен отырысында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында атқарылатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр Тоқаевтың жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне және тілдік пәндерге басымдық беруді тапсырғанын еске салды.

“Математика, физика, химия, биология пәндерінің сағаттары көбейеді. Оқу бағдарламалары жаңарады. 2024 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын ұлғайту және қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету шаралары қабылданатын болады”, - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекет басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру және жүктемені азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.

“Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда бір мұғалімге 25 баладан келеді. Орташа жалақы 147 мың теңгені құрайды. Бұл елдегі орташа жалақыдан төмен. Кезекте тұрған балалар санынан есептейтін болсақ, онда екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 88 пайызды, үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 98 пайызды ал балалардың жалпы санының 57,68 пайыз құрайды. Сондықтан, президенттің тапсырмасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізіліп, олардың жалақысы көтеріледі", - деп қосты министр.
03 қыркүйек 2022 ж. 498 0