Жаңалықтарға толы Жолдау

Және де бір жаңалық, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады.
Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр балаға 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Бұл бастама 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.
М. ЖАНАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалы Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі
Арал аудандық бөлімінің басшысы