Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсы мұғалімнің 5 негізгі белгісі

Жақсы мұғалімнің 5 негізгі белгісі

Білім сапасы оқу орнына ғана емес, мұғалімге де байланысты. Ендеше, жақсы мұғалімді қалай анықтауға болады?

1. Өз пәніне қызықтыра алу

Егер мұғалімнің сабақты конспектісіз, «жанып тұрған» көзбен, мысалдар және өмірден үлгілер келтіріп өткізіп жатқанын көрсеңіз, алдыңызда — білікті маман.

Мұндай мұғалімдер ойын сахналарын еркін қолданады, сынып деңгейіне келетін конкурстар мен жарыстар өткізеді, тіпті, балаларға ұсақ-түйек болса да сыйлықтар береді. Оқушылар мұндай мұғалімнің сабағын өткізіп алмауға тырысады және үнемі оның сабағына дайындалып барады. Әр сабақ оқушылар үшін тосынсыйға айналады.

2. Оқуға жағымды атмосфера жасау

Кәсіпқой маман өз оқушыларына мотивация бере алады. Ол оқушыларды «жақсы» және «жаман» деп бөлмейді. Ол үздік оқушының да, үлгерімі нашар оқушының да ыңғайын табады.

3. Сенімді қатынас жасай алу

Балалар жиі өз проблемаларымен біреумен бөліскісі келеді. Тыңдай білу, қысымсыз өз ойын айту, өсіп келе жатқан адамға авторитет бола алу — жақсы мұғалімге қажетті қасиеттер. Жақсы мұғалімге балалар үзіліс кезінде немесе сабақтан кейін бірдеңе айтуға немесе сұрауға жақындайтынын байқайсыз. Бастауыш сынып оқушылары мұндай мұғалімдерді бірден құшақтап алады. Бұлардың бәрі — педагогикалық шеберліктің маңызды құралдары.

4. Оқуға деген құлшыныс

Мұғалімдер де үнемі білімін толықтырып отырады. Сабақта әр нәрсеге, әсіресе, оқушы қойған күтпеген сұрақтарға дайын болу керек. Ал біліктілікті артыруға арналған курстар соңғы жаңалықтарды меңгеріп отыруға көмектеседі. Бастысы, ол мұғалімнің өз мақсатына айналып кетпей, жаңа білімін тәжірибеде қолдануы маңызды. Мысалы: білім беру процесін жақсарту және тәсілдемесін өзгерту.

5. Жауапкершілік

Жақсы мұғалім сабақ үстінде оқу процесіне ғана жауап бермейтінін біледі. Ол барлығы сай болу керек деңгейді қоя алады: өзі де, оқушылар да. "Егер қандай бір істі бастасақ, соңына дейін апарамыз" ұранын ұстанады. Сондықтан мұндай мұғалімдерде үй тапсырмалары әрқашан уақытында тапсырылады: оқушылар сол қарқынды ұстап, оны сақтауға тырысады. Мұндай сыныптарда оқушылар материалды меңгеріп те, барлық өткен тақырыптарды терең түсініп те үлгеріп жатады.

massaget.kz
11 қыркүйек 2022 ж. 457 0