Берекесі мен мерекесі жарасқан бақытты әскери отбасы

Мемлекет басшысы қоғамдағы негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына, мемлекет отбасыдан басталатынына ерекше назар аударуда. Осыған сәйкес, жыл сайын қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде Отбасы күні атап өтiледi.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Алмат Жақыпов және осы мекеменің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі инспекторы, Қарулы күштердің қызметкері Мөлдір Акбар аталған мереке аясында өз әріптестері департамент штабының мемлекеттік қызметтер көрсету қызметінің сержанты – қызмет бастығы аға сержант Манат Орынбекованың шаңырағына келіп, Отбасы күнімен құттықтады.

– Департамент ұжымы атынан Сізді және отбасы мүшелерін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қорғаныс министрлігінің қолдауымен баспаналы болып отырған қуаныштарыңызға да ортақпыз. Шаңырақтарыңыздан шаттық, бастарыңыздан бақ кетпесін, – деді подполковник Алмат Жақыпов.
Аға сержант Манат Орынбековамен отбасы мүшелері арнайы құттықтап келген әскери әріптестеріне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Департаменттің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі басшылық жоспарларына сәйкес, жеке құрамдағы көп балалы және жас отбасыларға әр түрлі әлеуметтік, отбасы тұрмыстық және өзге де мәселелерді шешу кезінде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

лейтенант Мұхит Қонаров