Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетке шығуға жақындаған әйелдер үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда - министрлік

Зейнетке шығуға жақындаған әйелдер үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылуда - министрлік

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кездесті. Кездесуге ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары да қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Кездесу барысында азаматтарды зейнетақының барабар мөлшерімен қамтамасыз ету үшін қабылданатын шаралар ұсынылды. Қозғалыс өкілдеріне Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы Жолдауда айтылған тапсырмалары бойынша түсініктемелер берілді:

- жоспарланған әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде ұзарту туралы шешімді 2028 жылға дейін тоқтата тұру жөнінде;

- кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға арттыру туралы. Бұл өсім 2 млн астам зейнеткерді, сондай-ақ 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болашақ зейнеткерлерді қамтитын болады.

Кездесуде сондай-ақ зейнеткерлікке ерте шығудың қолданыстағы заңнамалық негіздері белгіленді, оның ішінде зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы да тәсілі айтылды.

Бұл ретте кездесуге қатысушыларға азаматтар үшін оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы аннуитетінің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын параметрлерді қайта қарау бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс басталғаны туралы хабардар етілді. Сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы адамдарға зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығуды ұсыну бойынша ҚТЖ тәжірибесін тарату мүмкіндігі мәселесі қаралды

Бұл ретте жұмыс беруші ұжымдық шартқа сәйкес қызметкер жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін оған төлемдерді жүзеге асыруға міндеттенеді. Зейнеткерлік жас алдындағы жұмыс істемейтін әйелдерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында министрлік «Күміс жас» жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде әйелдерді жеке көмекшілер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар, жас қызметкерлер үшін тәлімгерлер және т.б. қызметші ретінде жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады, келесі жылдан бастап оған 50 жастан асқан адамдар (қазір тек 58 жастан асқан адамдар) қатыса алады.

Бұл жобаға қатысу кезеңі еңбек өтіліне есептелетін болады, ал 30 АЕК (2023 жылы 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде қаралады деп көзделуде.

Осылайша, аталған әйелдер санаты зейнетке шыққан кезде қазіргі кездегідей 20 мың теңге емес, жобаға қатысу өтіліне байланысты 70 мың теңгеге дейін алатын болады.

1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ және тек жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы алатын адамдар үшін жаңа шарт - жинақтаушы зейнетақы енгізілетін болады.

Бұл жүйеден төлемдер жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына жүзеге асыратын қосымша жарналар есебінен төленеді.

Осылайша, қабылданған шаралар зейнетақының барабар мөлшерін тек қазіргі ғана емес, болашақ зейнеткерлерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

inform.kz

12 қыркүйек 2022 ж. 222 0