ҚҰРӨЗЕК АУРУЫ

Күл коринебактериялары факультатифті анэробтар, 35-37 градуста, Рн -7,4-7,8 өседі. Олар кәдімгі қоректік орталарда көбейеді. Оларды қан және сарысу қосылған қоректік орталарда өсіреді. Бұл орталарда коринебактериялар 14-18 сағатта тез өседі , томпақ, крем түсті колониялар түзеді. Бірақ, бұл орталарды дифтерия таяқшаларын жалғанды дифтерия таяқшаларынан айыру мүмкін емес.
Қазіргі кезде, негізгі өсіру қөректік орталарына Клауберг ортасы( қан сарысуы және калий теллуриті қосылған) хинозольды Бучина ортасы пайдаланылады. Культуралық және ферментативтік қасиеттерін негізге ала отырып дифтерия коринобактерияларын үш биоварға бөледі: гравис , митис, интермедиус. Гравис биовары көбінесе R-формада кездеседі. Клауберг ортасында бұл биовар бактериялары ірі 2-3 мм колониялар түрінде өседі , сұр-қара түсті, розетка тәрізді. Петлямен алғанда шашылады. Сорпада бұл бактерия үгітілетін қабық және дәнді тұнба түзеді. Митис биовары Клауберг ортасында шағын , тегіс(S-формалы), қара түсті колониялар түзейді. Сорпада біркелкі лайлы өсінді береді. Интермедиус биовары аралық болып табылады. Клауберг ортасында бактериялар жылтыр, майда қара колониялар түзейді (бұл биовар сирек кездеседі). Ферментативтік қасиеті барлық үш биовар да цистиналазы, цистинді күкіртсутек түзеп ыдыратады. Бұл қасиеттер дифтерия қоздырғышын осы топтық патогенді емес өкілдерінен айыруға көмектеседі. Барлық үш биовар қоздырғыштары глюкоза және мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. C.gravis крахмалды ыдыратады. Бұл қасиеті қалған екі биовардан ерекшелейді. Дифтерия коринобактериялары нитратты нитритке қайта айналдырады.
Токсинтүзу :Күл қоздырғыштарының вирулентті штаммдары экзотоксин бөледі.
Антигендік құрылысы:Күл бактерияларында термолабильді белокты антиген және типоспецификалық полисахаридті О-антиген бар. Бұдан басқа коринобактериялардың 19 фаговарлары бөлінеді. Фаговардың көмегімен ауру көзін табады. Күл қоздырғышы салыстырмалы тұрақты 60 градуста жойылады. Табиғи жағдайда дифтериямен жануарлар ауырмайды. Тәжірбиелік жануарлардан теңіз шошқасы және бактериятасымалдаушылар. Жұғу жолдары: ауа тамшылары арқылы , тұрмыстық қарым-қатынас (ыдыс-аяқ, ойыншық, кітап, сүлгі арқылы).
Адамда :
1)тамақ дифтериясы
2)мұрын дифтериясы болады. Сирек, кеңірдек, қолқа, көз, құлақ, қынап дифтериялары кездеседі.
Патогенезі : кіру жолдары –тыныс алу жолдарының кілегей қабығы және зақымданған тері. Кілегей қабыққа түскен дифтерия қоздырғышы кірген жерінде көбейеді де, тін некрозын шақырады. Астыңғы тіндерге қатты жабысқан қабық (пленка) түзіледі. Кілегей қабық бетінде сұр немесе сарғыш налет пайда болады. Мақталы тампонмен немесе шпательмен қабықты алғанда кілегей қабаттың беті қанауы мүмкін.
Дифтерия коринебактерияларының көбею процесінде некроз аймақтарында экзотоксин жиналып , кілегей қабаттың және клетчатканың ісігіне әкеп соқтырады. Кілегей қабаттан ісік кеңірдекке, қолқаға таралып , асфиксия(тұншығу) белгілерін шақыруы мүмкін. Қанайналымындағы токсин жүрек бұлшық еттерін, бүйрек үсті бездерін және жүйке жүйесі клеткаларын зақымдайды.
Күл- бұл токсикоинфекция. Процестің ауырлығы штаммның токсигендік дәрежесіне, организмнің қорғаныш күшіне байланысты.
Иммунитет : антитоксикалық және антибактериалды иммунитет арқылы ауруды қабылдамайды. Емшектегі бала ауырмайды. Өйткені, оларда анасынан берілген белсенсіз иммунитет болады.
Аурудан соң иммунитет қалады. Бірақ, 6-7% жағдайда қайта ауыру байқалады.
Алдын-алу :
1) ерте нақтылау;
2)оқшаулау;
3)залалсыздандыру;
4)токсигенді күл таяқшаларын тасымалдаушыларды анықтау.
Арнайы алдын-алу анатоксин жіберу арқылы жүзеге асады.
Емі: Күлге қарсы антитоксиндік сыворотка қолданылады. Дозасы және жиілігі емдеуші дәрігер белгілейді, антимикробты препараттар да қолданылады.
Миримхан АБДРАМАНОВА,
ҚРДСМ ҚДСК "ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ФИЛИАЛЫНЫҢ АРАЛ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ,
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ.