Тырысқақ – аса қауіпті ауру

Дезинфекциялық дəрілерге тырысқақ қоздырғышы өте сезімтал келеді. Тырысқақ қоздырғышы ауру адамнан сау адамға əртүрлі жолмен жұғады. Тырысқақпен ауырған адам əлінің бар уақытында лас қолмен азық-түлікке араласып тағам дайындаса, үй мүлкін ұстаса қоздырғыштар адамның асқазанына түсуіне үлкен жағдай туады. Əсіресе ауру адамды күтушіге ауру қауіпі зор. Тырысқақ осымен қатар, сау адамға осы аурудың қоздырғышы түскен су арқылы да, көкөніс, жеміс тағамдары арқылы да жұғады. Дайын тағамдарды шыбын арқылы тырысқақ қоздырғышымен ластанатынын əр уақытта есте ұстау керек. Қоздырғыш адам денесіне кейін аурудың алғашқы белгісі білінгенше бірнеше күн өтеді (аурудың астыртын мерзімінің ұзақтығы бірнеше сағаттан- 6 күнге дейін). Аурудың алғашқы белгісі жиі-жиі іш өтіп, құсу, нəжістің сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтуынан басталады. Аз уақыттың ішінде нəжіс түсі мүлде өзгеріп, күріш суына ұқсайды. Науқас бірте-бірте əлсізденіп, басы айналып, аяқ-қолының бұлшық еттері тартылып, денесі қалшылдайды. Əрдайым ауру адамның дене қызуы төмендейді.
Гүльшат ИСАТАЕВА,
ҚРДСМ ҚДСК "ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ФИЛИАЛЫНЫҢ АРАЛ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ,
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ.
ҚРДСМ ҚДСК "ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ФИЛИАЛЫНЫҢ АРАЛ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ,
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ.