Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

ҚР аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.