Шетелдік көліктерді заңдастыру: жаңа дерек

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара - шетелдік автокөліктерді заңдастыру.
Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан аса шетелдік автокөлік бар. Оның барлығы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен - Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99 пайызы).
"Көліктерді Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең - заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең - барлық қажет құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу", - деді министр.
massaget.kz