Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Тұрғын үй секторындағы өрттердің өсуінің негізгі себебі – пешпен жылытуды және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау болып табылады. Осыған байланысты өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №3 МӨСБ-нің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралары өткізілуде.
Рейдтердің негізгі мақсаты – тұрғындарды саналы болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды болдырмауға шақыру. Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері электр желілерін жүктеуге, электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол берілмейтінін түсіндірді.
Сіздің үйіңізде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте сақтаңыз:
– жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
– электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;
– үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;
– жылыту маусымы басталар алдында және әрбір үш ай сайын жылыту маусымы бойы түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;
– жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;
– жанып жатқан пештерді, қосылған электр қыздырғыш және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
– электр желісіне электр желісінің артық жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;
– барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;
– пәтерде газ иісі болса, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз, газ плитасы жанғанда, камин жанғанда, пеш жанғанда немесе электр аспаптары жанғанда балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.
Өрт шыққан немесе түтін шыққан жағдайда өрт сөндіру қызметіне нақты мекенжайын көрсете отырып, "101" немесе "112" нөмірлері бойынша дереу хабарласыңыз.

Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
29 қыркүйек 2022 ж. 852 0