Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Арал ауданы өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Арал ауданы өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Арал ауданы жылыту маусымына байланысты Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы 11 тамыздағы №108 бұйрығына сәйкес 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығын» жариялады.
Іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты- халықты пешпен және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде тұрмыстығы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау.
Халыққа түсіндіру негізінде жергілікті полиция қызметін, жергілікті атқарушы органдарды, волонтерлерді және басқа да мүдделі қызметтерді тарта отырып, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, аулаларды аралау, тұрғындармен жиын өткізу сонымен қатар жалғыс басты қарттар мен әлеуметтік келісімшарт негізінде ақшалай көмекке жүгінген отбасыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.
Осы орайда алдағы рейдтік іс-шара жүргізу кезінде тұрмысы төмен және жалғыз басты қарттарға, көп балалы ата-аналадың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылу жоспарлануда. Арал ауданына 170 датчик бөлінген.
Осыған байланысты Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №3 МӨСБ-нің қызметкерлері Арал қаласы мен елді мекендегі тұрғындарына іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
25 тамыз 2022 ж. 2 247 0