Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал: Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Арал: Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен және Арал аудандық прокуратурасы мен білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп "Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі", "Сіріңкемен ойнама балақай!", "Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!", "Көмір қышқыл газы өмірге қауіпті" "Электр құрылғыларының өрт қауіпсіздігі", "Пештен қатер келмесін" атты тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Үгіт-насихат шаралары әр аптаның дүйсенбі, жұма, сенбі күндері өткізілуде. 2020-2021 жылғы жылу беру маусымы басталғалы аталған шара барысында қазіргі уақытқа дейін аудан бойынша 16 352 тұрғын үй , 80 365 тұрғын қамтылды.
Сондай-ақ, тұрмысы төмен көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек қарт кісілердің үйіне көмір қышқыл газын анықтайтын 41 автономды датчик орнатылды,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

15 наурыз 2021 ж. 708 0