Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтері басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Алдымен қыс - көктем мезгіліндегі Сырдария өзені арқылы келетін мол суды қауіпсіз өткізу және болуы ықтимал су тасқынының алдын алу шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Махатов Бақытжан баяндады.
Одан соң 2020-2021 жылдардағы қыс мезгіліне дайындық шаралары жайында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Құдайберген Жанқожа хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе жөнінде Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры өндірістік бөлімшесінің, аудандық электр торабының басшылары мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Арал аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директорының қосымша хабарламалары тыңдалды.
Баяндамашылардан соң аудан әкімі болуы мүмкін төтенше жағдайларға, аудан аумағындағы Сырдария өзені арнасынан мол суды өз деңгейінде өткізу қажеттігіне және қыс мезгілінде коммуналдық саланың тас түйін дайын болуы керек екендігіне тоқталды.
Жиын барысында комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімі жауапты сала мамандарына төтенше жағдай орын алған сәтте жұмылдырылатын автокөліктер мен арнайы техникалардың тәулік бойы әзірлікте болуын қатаң бақылауға алуды және жалпы дайындық жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
15 қазан 2020 ж. 937 0