Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

    Аудан әкімі М. Оразбаевтың төрағалығымен  құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді.
    Жиынға комиссия мүшелері, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары, Арал қаласындағы мемлекеттік орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе сотталған және жазасын мерзімінен бұрын өтеп келген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу шараларының барысы туралы аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Насырова Самал баяндады.
    Сонымен қатар, пробация есебіндегі азаматтардың жұмыспен қамтылуы жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Тоғысова Ғалия хабарлады.
    Баяндамашылардан соң аудан басшысы сотты болған азаматтардың әлеуметтік-құқықтық көмектерді дұрыс пайдалануына көмек жасау, жұмыспен қамту, қайта даярлау, несие алып кәсібін ашу, түрлі гранттық қаржыландыруларға қол жеткізуіне ықпал жасау бағытында жұмыстарды жандандыру қажет екендігін атап өтті.
    Одан соң есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар мен алға қойылатын міндеттер туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Әбдіразақ Нұрбол баяндама жасады.
    Комиссия мүшелері қозғалған мәселелер жөнінде ой-пікірлерін ортаға  салып, ұсыныс пікірлерін жеткізді.
http://aral.gov.kz/kz/zhanalyktar/4436-vedomstvoaraly-komissiya-otyrysy-tkizildi?fbclid=IwAR2AAui6wy8y20SZ80tFBCMLFwKPpezN8Kfqmxw4Vp60P6vPZizvun1JyPQ

09 тамыз 2019 ж. 982 0