Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауды түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жолдауды түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын мақсаты ҚР Президентінің Жолдауындағы басым бағыттарды, оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруды түсіндіру болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында «саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керек.
Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн. Нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, нақты бір министр жауапты болуға тиіс» деген еді. Осыған орай санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне талқылау тақырыбы төңірегіндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
"Толқын" ақпарат
30 қыркүйек 2022 ж. 405 0