Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері колледж қызметкерлерімен кездесті

Топ мүшелері колледж қызметкерлері мен студенттеріне Жолдаудағы білім беру жүйесіне қатысты бағыттарды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білім алушыларға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын несиенің берілуі, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету сынды бастамаларды қатысушылар білім сапасын арттыруға септігі тиетін мол мүмкіндік деп бағалады.
Жиынға келушілер ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне талқылау тақырыбы аясындағы сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Сондай-ақ олар ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттер мен мақсаттарды лайықты дәрежеде орындауға үлес қосатынын жеткізді.

"Толқын" ақпарат