Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

Жиынға ақпараттық насихаттық топ мүшесі, балықшы-ардагер Ә.Әйімбетов қатысып, Жолдау төңірегінде баян етілген негізгі тұжырымдамаларға тоқталып кетті.
- Ауылшаруашылық саласын дамыту үшін, ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған проблемаларды анықтауға тиіспіз. Сол проблемаларды біртіндеп шеше бастасақ, мақсаттар өз-өзінен орындалады, яғни, шаруашылық өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі азаяды. Осы орайда, Мемлекет басшысының Жолдауы мәселелердің шешілу жолына негізделген, – деді, Ә.Әйімбетов.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығын дамытуға арналған бағдаламалар жөнінде кеңінен түсіндірмелер берілді. Жиынға қатысушылар ақпараттық топ мүшелеріне сауалдарын қойып, тиісінше жауаптарын алды.
"Толқын" ақпарат