Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде қар жауады

Алдағы үш күнде қар жауады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады.

Аптаның екінші жартысында ел аумағының басым бөлігі әлі де кең ауқымды антициклон ықпалында болады. Республиканың солтүстік, орталық облыстарында жылы, жауын-шашынсыз күн райы сақталады, антициклонның ығысуымен ел шығысында жауын-шашын тоқтайды.

Өз кезегінде, Скандинавия түбегінен әсер ететін циклонның батыстан шығысқа ауысуынан алдымен батыс, солтүстік-батыс, ал аптаның соңына қарай елдің солтүстік және орталық облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Солтүстікте түнде жауған жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, күндіз батыс облыстарда бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың оңтүстігінде фронтальды ағынның өтуімен күн күркіреп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, қарға ауысады. Республиканың барлық аумағында түнде тұман түседі.

Күндіз ел батысында 15-23 градус, ал орталықта 15-25 градус жылы болады. Солтүстік жартысында кей жерлерде термометр бағаналары 10-18 градус жылылықтыы көрсетеді. Шығыста ауаның температурасы 8-17 градустан 14-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 15-23 градусқа дейін, таулы аймақтарда 8-13 градустан 20-25-ке дейін жоғарылайды, республиканың оңтүстігінде негізгі температуралық фон 20-28 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда 10-15 градус жылы болады.

kyzylorda-news.kz
05 қазан 2022 ж. 565 0