Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарында қорытынды сынақтар өтіп жатыр

Жергілікті әскери басқару органдарының үйлесімділігі мен даярлық деңгейі тексерілетін сынақтарда жеке құрамның теориялық білімдеріне, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жағдайына баға беріледі.
– Әр оқу жылының соңында өтетін бұл қорытынды сынақтарда әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі расталады. Осы арқылы жеке құрамның кәсіби деңгейі мен үлгеріміне баға берілмек, – дейді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы майор Абай Молдағалиев.