Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл аптада қай үш жұлдыз белгісінің жолы болады?

Бұл аптада қай үш жұлдыз белгісінің жолы болады?

Бұл апта толған аймен басталады. Өмірдегі бұл жаңа айналым кімдер үшін сәтті болмақ?! Еlle.ru астрологтары болжам жасады.

Арыстан

Бұл аптада Арыстандарға демалып, босаңсуға болады. Осы аз үзілістен ләззат алыңыз және күйзелістік жағдайлардан аулақ болуға тырысыңыз. Кештерге барудың орнына жайлы төсегіңізді таңдаңыз.

Бикеш

Мойындағыңыз келмейді, бірақ жалғызбасты Бикештер қазір үлкен махаббатты қажет етеді. Романтикалық қызықтар мен жеңіл әуестер артта жетерлік. Енді сіз сенімді қарым-қатынасты қалайсыз. Жолыңызда кедергілер кездессе де, оптимизм сақтаңыз. Махаббатты іздеуден шаршамаңыз, сіз оны міндетті түрде табасыз!

Тауешкі

Парасатты және өз-өзін сынауға қабілетті адам — айналаңыздағы адамдар сізді осылай сипаттаған болар. Жұлдызжорамал бойынша, бұл жұлдыз белгісі өкілдеріне оғаштық және авантюра тән емес. Бірақ соңғы кездері көп нәрсе өзгерді. Өміріңізде үйреншіксіз белгісіздік жасап, Марс пен Юпитер қиысты. Бұл сезімнің сізді өз-өзіңізден шығаруына мүмкіндік бермеңіз. Бұл мүмкіндікті әдеттегі әрекеттеріңізге өзгеріс енгізуге пайдаланыңыз.

massaget.kz
11 қазан 2022 ж. 213 0